Павлодарда ҚР ішкі әскерлерінің 6679 санды әскери бөлімшесінің жауынгерлері бірінші болып дауыс беріп бітті

№548 сайлау учаскесінде дауыс беру 11 сағат 15 минутта аяқталды деп жарияланды. "Біздің әскерилер, қатардағы әскерлер мен келісім-шартпен борышын өтеушілер, офицерлер құрамы 100% дауыс берді, қазір біз дауыс санауға кірісуге қамданып жатырмыз", - деді агенттік тілшісіне №548 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, майор Сәкен Сүлейменов.

Оның айтуынша, әскери бөлімшедегі сайлау барысын тәуелсіз бақылаушылар мен қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлердің сенімді өкілдері қадағалады.

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жалпы алғанда Павлодар аумағында "жабық" деп аталатын 21 орын, атап айтқанда, әскери нысандар, емдеу мекемелері мен тергеу абақтылары бар, бұларда дауыс беру процессін кез-келген уақытта аяқтауға болады.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, өңірде сайлау құқығына 456 мың 432 адам ие.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті