Әлгі еркек Горький көшесінде орналасқан бір үйдің пәтеріне алдау жолымен кіріп алып, ондағы 14 жасар қыздан ақша бопсаламақ болған. Сол тұста күтпеген жерден қыздың әкесі бір жолдасымен бірге үйге оралады.
Екі бірдей ер адамды көріп есі шыға қорыққан әлгі 9-қабаттағы балконнан секіріп кеткен.
Жедел жәрдем дәрігерлері тонаушының жанын ажалдан арашалап алуға талпынғанымен, ол ауруханаға жеткізу барысында жол үстінде көз жұмды.
Қазір қаза тапқан адамның аты-жөні анықталуда.