Павлодарда қымыз күні аталып өтілді

Аталмыш шараны ұйымдастырған Мұсылман әйелдердің лигасы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы әріптестері мен қала қонақтарын мәдениет саябағында бір дастархан басына жинады.

Қымызмұрындық мейрамында адамдар жақындасып, достық қарым-қатынас орнатылады, жастардың көңіл көтеретін ойындары жалғасын табады. Қонақтар қымыз бен тәтті бауырсақтардан дәм татты. Павлодардағы танымал «Әжелер хоры» қымыз мерекесіне арнап халық әндері мен билерін орындады.