Павлодарда қыздарға арналған пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті

Ақпарат көзінің қабарлауынша, бұл оқиға бүгін түс әлетінде болған. Соның салдарынан үш қыз бала жарақаттанып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуінің жағдайы аса ауыр.

Қазір оқиға орнында ТЖМ мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде. Ресми органдар әзірге бұл оқиғаға түсініктеме берген жоқ.