Павлодарда Ресейге шығатын көпір құлағалы тұр

Сапасыз жолдың кесірінен көлігі жиі бұзылып, мезі болған  жүргізушілер енді өз амандықтары үшін алаңдаулы. Өйткені жолдағы ойықтар үлкен шұңқырға айнала бастаған. Жарылғаны соншалық, тіпті көпір астымен өтетін теміржолды анық көруге болады. Күніне мыңдаған жүк көлігінің осы «Успенка» көпірімен өтетінін ескерген тұрғындар мұндағы қозғалыстың аса қауіпті екенін алға тартуда. Ал шенеуніктер Кеңес Одағында тұрғызылған жолдың бүгінге дейін толық жөндеуден өтпегенін жасырмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

Арман Омаров, Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

-Успенка көпірінің бүгінгі жағдайы ешқандай қауіп төндірмейді. Сондықтан тұрғындар алаңдамаса да болады. Асфальттың жарылғаны жүргізушілердің үрейін туғызса керек. Биылғы жылы аталмыш көпір толығымен жөндеуден өтеді деп жоспардануда. 

Loading...