Павлодарда ресейлік компаниялардың қатысуымен әмбебап өнеркәсіптік көрме өтті

"Осы жолғы көрменің басты ерекшелігі бұл жерде бұрыннан белгілі өндірушілермен бірге жаңа құрылған жас компаниялар да өз өнімдерін ұсынды",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында Павлодардың сауда-өнеркәсіптік палатасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің маманы Наталья Кучерук. Ол сондай-ақ, "жыл сайын көрмеге қатысушылардың санының өсуімен қатар тауарлардың түрлері де өсіп келеді", деп қосты.

Н. Кучеруктің хабарлауынша, үстіміздегі жылы көрме жұмысына және оның аясында өткен бизнес-кездесулерге құрылыс және өңдеу материалдарын, электр техникалары мен электр жабдықтарын, химиялық өнімдер, көліктер мен халықтың тұтынатын тауарларын өндірумен айналысатын компаниялар қатысқан, олар Қазақстан мен көршілес Омск облысынан келген 70-тен астам кәсіпорындар. Қазақстандық және омскілік бизнесмендер өнім тасымалдау туралы, оның мерзімі, кедендік жағдайлар, тауар жіберу түрлері туралы келіссөздер жүргізді, сонымен қатар екі елдің сауда-экономика саласына қатысты заңнамларындағы соңғы өзгерістерді талқылады.

"Әмбебап өнеркәсіптік көрме" - Ресеймен шекаралас аймақтардың кәсіпкерлерінің қатысуымен Павлодарда дәстүрлі түрде өтетін, бизнес-алаңының маңыздылығы бойныша "Сибирь-Қазақстан" Халықаралық көрмесінен кейінгі екінші көрме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті