Екібастұз, Майқайың, Железинка және қала сыртындағы ауылдардан қонақтар келді.
Бұл дәстүрлі мерекені татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының жазғы фестивалі аясында ұйымдастырып отыр. Қалалықтар жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен танысты, би, вокал және музыкалық ұжымдардың концерттері болды, көптеген тамақ түрлері қойылған аспаздық көрме өтті.
«Мерекенің бас кейіпкерлері соғыс ардагерлері болды. Биыл бұл байқау Жеңістің 65 жылдығына арналып отыр. Саябақта Отан соғысы ардагерлерінің суреттері бейнеленген қабырға газет ілініп тұр, барлық ақсақалдарды сабантойға шақырдық», - деп атап Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестірушісі Юлия Стрельчук.