Павлодарда салынып жатқан мектептің бірінші қабатының жабыны опырылып түсті

Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеген.

«Оқиға болған жерде жұмыс істеп жатқан жұмысшылар бригадасы қауіпсіз жерге қашып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді департаменттегілер.

Мамандардың айтуынша, шамамен 100 шаршы метр аумаққа салынған жабындық металл конструкция опырылып құлаған.