Кеше, 6-қаңтарда бұл адам "Құрылыс" ЖШС-іне жұмысқа орналасып, алғаш рет алаңға шыққан. ЖШС Усол ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді салып жатқан. Майра көшесінің бойындағы №29 үйдегі құрылыс жұмыстары кезінде құрылысшы 10-қабаттың биіктігінен құлап мерт болды. Оқыс оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадалары зардап шеккен адамды ажалдан арашалап қалу үшін бәрін жасағанымен, ол оқиға орнында көз жұмды.
Павлодар облыстық бас мемлекеттік еңбек инспекторының хабарлауынша, қаза тапқан құрылысшы 4 разряды бар тәжірибелі құрылысшы болған. ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, қауіпсіздік техникасы туралы оған жұмыс басталмас бұрын түсініктеме берілген.
Қазір оқыс оқиғаның себептерін арнаулы комиссия тексеріп жатыр.
Қ.Есеновтың айтуынша, бұл облыстағы жаңа жылда шыққан өндірістегі алғашқы қайғылы оқиға. Оперативтік мәліметтер бойынша, 2004-жылы өндірістегі қайғылы оқиғалар салдарынан 186 адам түрлі деңгейде жарақаттар алып, 17 адам мерт болды.