- В городе оказались как?
- Приехала сюда работать я.
- А ребенка оставили для чего?
- На время просто оставила...
- Хотите ребенка забрать?
- Да хочу...
Бір апта бұрын жаңа танысқан жігітке кездесуге сәбиімен барған Айсұлу Тәкішева баласын оған ұстатып, қашып кеткен. Ал полицейлер бүгін бойжеткенді автовокзал маңындағы дәмханалардың бірінен ұстады. Бауыр еті баласын уақытша тастағанын айтқан келіншек, баспана мен жұмыс іздеп таппақшы болдым дейді. Бұған дейін Екібастұз ауданында туған әкесімен бірге тұрып келген екен. Сегіз айлық Қарақат есімді қызы қазір облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің қарауында. Енді сәбидің алдағы тағдырын сот шешеді. Ал тасбауыр анадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, қылмыстық іс қозғалды.