Павлодарда шенеунік параны дәл әкімдіктің ішінде алған


Амалы құрыған әйел аталған сомаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз баспана әпермек болыпты. Қолын былғағысы келмей параны танысы арқылы алдыртқан. Оңай табыла кеткен мына делдал әкімдіктің дәлізінде бір бума ақшамен қолға түсті. 28 жастағы жігіт басында сыр бермегенімен, тінту барысында қойнындағы ақшасын түсіріп алды. Енді алаяқтыққа барған әкімдік қызметкері 5 жылға, пара тасыған жұмыссыз азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.