Павлодарда шыққан өрт 6 сағат бойы сөндірілді

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өртті сөндіру жер бедеріне байланысты қиындаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Авто ХҚКО маңындағы өрт сөндірілді. Өрт екі бөлек аумақта шыққан.

«Жалпы аумағы 30 гектарды құрайтын қамыс өртенді. Өрт павлодарлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына – Жаңаауыл орман шаруашылығына да таралды. Үш гектар алқаптағы орманда құрғақ шөп пен қарағаш өртенді»,– делінген хабарламада.

Өрт туралы хабар 30 сәуір күні сағат 18:26-да түскен. Жалынмен 35 адам күрескен, оның 20-сы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Тоғыз автоцистерна пайдаланылды. Өрт 1 мамыр күні сағат 01:01-де толығымен сөндірілді.