Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғат қорғау прокуратурасы мен Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясы бірлескен жұмыс жүргізді. Тексеру барысында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз пайдалану жағдайлары тіркелді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар және демалыс базалары Су кодексінің талаптарын бұзған. Олар арнайы рұқсаттың жоқтығына қарамастан, жерүсті және жерасты су ресурстарын пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.