Павлодарда сығандардың есегі тұрғындарды шошытты

Маңайдағы сығандардың топ-топ есегі күн жылынғалы тұрғын үйлері айналшықтайтын болған. Аз уақыт ішінде гүл атаулы мен жасыл-желектен түк қалдырмапты. Тіпті жануарлар амалын тауып подъездерге кіріп, дәл баспалдақтарды ластап кетеді екен. Үйіміз есек қораға айналды деген жұрт оларды қуып та көрген. Алайда қырсық жануар қайта айналып келетін көрінеді. Бірнеше рет полиция шақырса да, еш нәтиже шықпапты.

Айым Бекетова, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Біздің аулаға осы жерде жүретін есектер кіріп шығып кетеді. Ауланы былғайды. Балалар ойнай алмайды. Соның кесірінен қарапайым адамдар зардап шегіп жатыр.

Loading...