Павлодарда теннис орталығы ашылды

Салтанатты шараға қатысқан Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін энергетиктерге алғыс айтты.

«Біз бизнеспен одан әрі де жемісті ынтымақтастықта болатынымызға сенемін, - деді аймақ басшысы. - Қалада «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге және жаттығуға мүмкіндік беретін қазіргі заман талабына сай бокс орталығын салуда».

«Энергетик» теннис орталығы республикамыздағы ең ірі спорт кешендерінің бірі болмақ», - деп атап өтті «Павлодарэнерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Әмірханов. - Алаңдардың жалпы саны жетеуге дейін жеткізіледі».