Павлодарда топырақ құлап, бір адамды басып қалды


ТЖД мәліметтерінше, екі адам Көпеев көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің ауласында жер қазу жұмыстар жүргізген.

«Жедел кезекшіге хабарлама сағат 10:45-те келіп түсті. Топырақ шұңқырдың ішінде болған ер адамдардың үстіне төгілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-құтқару жасағы барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп, адамдарды сыртқа шығарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгерім Құсайынова. «Жедел медициналық көмек бригадасы зардап шегушіні ауруханаға жеткізді, екінші адам оқиға орнында қаза тапты».