Павлодарда төрт полицей 25 адамды өрттен құтқарып қалды

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, "өрт 2008 жылдың 12-қаңтарында көп қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерде болған. Өртке кездейсоқ куә болған № 636 автопатрульдің қызметкерлері полиция майоры Жасқайрат Қайыров, старшина Сергей Смакотин, сержанттар Алтынтас Табанбаев пен Алтынбек Тастамбековтар өрт сөндірушілерді шақырып, құтқарушылар келгенше өз беттерімен тұрғындарды далаға шығарған".

"Біз полицейлердің көмегінсіз не істеу керек екендігін білмедік: барлық жерде қою түтін басқан, көбі далаға шыға алмады",- деді өртенген үйдің тұрғындары.

Ішкі істер департаментіндегілердің хабарлауынша, полицейлер тұрғындарды далаға шығару кезінде өрт құрсауында қалған екі жасөспірімді, бір қартты құтқарған. Олар көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілген.

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, полицейлер өрт кезінде өртенген үйдің 3-ші және 4-ші қабаттың 26 тұрғынын құтқарған.

Өртенген үйдің тұрғындарының бастамасымен Ішкі істер департаментінің басшылығы шұғыл және шешімді әрекеттер қабылдап, батылдық көрсеткен полицейлерге алғыс жариялады. Сонымен қатар, полиция майоры Ж. Қайыров "ІІМ үздік қызметі үшін" төс белгісімен марапатталып, старшина С. Смакотинға, сержанттар Табанбаев пен Тастамбековқа қол сағаттар тарту етілді, деп хабарлады департаменттегілер.