Павлодарда төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлерінің атын жамылған беймәлім біреулер қалада күшті жер сілкінісі болатындығы жөнінде жалған ақпарат таратқан

Павлодарда күшті жер сілкінісі болатындығы жөніндегі телефонограммалар балабақшалар, мектептер мен мемлекеттік мекемелерге таратылған. Жалған ақпаратта жер сілкінісінің болатын уақыты Астана уақытымен 15 сағатта, 16 - 17 сағат аралығында, сондай-ақ, 18 сағатта болады деп үш түрлі мәлімет көрсетілген. Соның салдарынан мекемелерде адамдарды эвакуациялау процессі басталып, қала тұрғындары күшті жер сілкінісін үрейлене күтіп, әзірлене бастаған. Адамдардың көпшілігі далада жүруді дұрыс деп тапқан .

Қ.Бертібаевтың айтуынша, аталмыш дерек бойынша тексеру басталды. Қазір осындай жалған ақпарат келіп түскен мекемелер саны нақтылануда.
Қ.Бертібаевтың айтуына қарағанда, әлдекімдер халық арасында үрей туғызуды қалаған сыңайлы. Алайда, тұрғындар үшін ешбір қауіп жоқ деп мәлімдеді ол.
27-қыркүйек пен 1-қазан аралығында Павлодар облысында 0,5-1,5 балл аралығындағы үш жер асты дүмпуі тіркелді. Соңғы жер асты дүмпуі 1-қазанда Астана уақытымен 8 сағат 05 минутта тіркелді. Бұл Ресейдің таулы Алтай аймағында болған 8,5-9,5 баллдық жер сілкінісінің жаңғырығы болмақ.