Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 22 жастағы жігіт қаза тапты

1-ші және 2-ші қабаттарда дәлізде ағаш қабырға, еден, есіктер мен кіреберістің ағаш сатылары өртке оранды.

25 адам қауіпсіз жерге көшірілді (оның ішінде  бала бар). Өрт  01:58-де оқшаулап, 04:14-те ауыздықталды. Жалын   75 шаршы метрді шарпыды.

1-қабатта орналасқан №23 пәтерді тексеру барысында 1993 жылы туылған азаматтың мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оған иіс тиген.

2008 жылы туылған қыздың қолы жырылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды.

Өрттің шығу себебі мен шығын анықталуда.


Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 25 адам, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 8 бірлік техникасы, «Апат медицина орталығы» ММ, «102», «103» қызметтерінен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.