Павлодарда тұрғындар электр желілерін тартуға жаппай қарсы шықты

Ықшамауданда қуаттылығы 35 мың вольттік электр таратушы желі бұрыннан бар. Тұрғындардың қуаты бұдан үш есе артық жаңа нысанның құрылысына қарсы шығуы да содан. Бұқараның шағымынан соң желілер жер астымен өткізілуі тиіс болатын. Бірақ құрылыс тұрғын үйлердің үстімен жүргізілуде. Шенеуніктер: «Электр таратушы желілердің адам денсаулығына еш зияны жоқ. Өйткені, мемлекеттік сараптамадан өткен» деп дүрліккен халықты сабыр сақтауға шақыруда. Ал атқамінерлердің сөзін теріске шығаратын қағаздарды жинаған жұрт Бас прокуратураға шағымдануға бел буып отыр. Бұл тұрғыда оларға жергілікті экологтар да көмектеспек.


Юрий Павленко, эколог:

-Өзен суы қазір екі метрге дейін төмендеген. Ал көктемде су қайта көтеріледі. Сонда осы электр таратушы желіге кеп жетеді. Апат дәл сол кезде болады. Қуаттылығы 110 вольтжелілерге су тисе, мына жерде тірі зат қалмайды.