Қадағалау мекемесінің ақпаратына сәйкес, облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің өрт ахуалын талдау бөлімінің бас маманына ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша : 177 баптың 2 тармағы (қызмет бабын пайдаланып ааляқтық жасау) және 311 баптың 2 тармағы (заңсыз әрекеті үшін немесе әрекетсіздігі үшін лауазым иесінің пара алуы) бойынша айып тағылған.
Іс материалдарына жүгінсек, өткен жылдың қазан айында өртке қарсы күрес департаменті басқармасының қызметкері қаладағы бір сауда павильонының қожайынына ойдан шығарылған пәле жауып, одан беті ашылған-мыс заң бұзушылықтарды жасырғаны үшін сыйақы ретінде 15 мың теңге талап еткен. Ал іс жүзінде ғимарат талапқа сай болған. Онымен қоймай, бұл нысанға өртке қарсы күрес қызметінің департаментінің басшылығы бекіткен тиісті қорытындысы дайын болған.
Бұған қоса прокуратура ақпаратына сәйәкес, тағы бір нысанды тексеру барысында одан өрт-техникалық қауіпсіздік талаптарына сай келмеу оқиғасы анықталғанда әлгі сотталушы ғимарат қожайынынан заң бұзушылықты жасырып қалу және оң қорытынды беру үшін пара талап еткен. Өзінің қызметін ол 200 долларға бағалаған. Жедел қызметкерлер ақшаны алдын ала люминесценттік химиялық ұнтақпен өңдеді.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қараша айында ішкі қызмет майоры қылмыс үстінде құрықталды. Оны өзінің жұмыс бөлмесінде 25 мың теңге пара алып жатқан сәтте қаржы полициясының қызметкерлері құрықтады.
Павлодар қалалық сотының үкімімен өртке қарсы күрес қызметінің бас маманы айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Ол жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтейтін болады. Ол, сондай-ақ, соттың шешімімен ішкі қызметтің майоры деген атағынан және 3 жылға мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан айрылды.