Павлодарда үй-күйсіз төрт адам қаза тауып, екеуі жараланды

8-қазанда Шәкен Айманов атындағы кинотеатрдың маңын паналауға жиналған үй-күйсіз жандарға белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Соққыға жығылғандардың арасында төрт еркек, соның ішінде 21 жастағы жігіт пен 45 және 49 жастағы екі әйел бар.

Белгісіз қылмыскерлер әлгілерді соққыға жығып, пышақпен жарақаттап, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жаралы әйелдердің бірі полицияға хабар берген.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жараланған екі әйел, бір еркек пен өлген екі адамның мәйітін тапты. Қаза тапқан тағы бір еркектің денесі қылмыс орнына таяу жерден 8-қазан күні таңертең табылған.
Жаралы еркек ауруханаға жеткізу барысында жолай қайтыс болған. Ал жаралы әйелдер Павлодардағы бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Әйелдердің бірі өздеріне шабуыл жасағандарды танымаймыз деп хабарлаған. Осыдан кейін жаралы әйелдердің жағдайы нашарлай бастаған, қазір олар әл үстінде жатыр. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.