Павлодарда үскірік аяздан жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің жұмысы күрделіленді

Павлодар әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымал көлігі және жол көлігі бөлімінің берген ақпаратына сілтеме жасап отырған агенттік тілшісі хабарлағанындай, бүгін таңертең рейске 26 автобус шықпай қалған.

Қала әкімшілігінде атап өткеніндей, оған себеп "төменгі температурада солярка қатып қалғандықтан автобустар орындарынан қозғала алмайды". Сондай-ақ, жергілікті мұнай химиялық зауытының жетекшісі берген ақпараты бойынша, оларда өндірілетін қысқы дизельдік отын 30 градусқа дейінгі аязға арналған. Ал соңғы уақытта Павлодар облысында ауа температурасы 36-38 градусқа дейін төмендеуде.

"16 қаңтарда 20 сағат 14 минутта Павлодар облысының төтенше жағдайлар қызметіне Өскеменнен Омбыға қарай бет алған автобус Павлодар қаласынан 50 шақырым жерде сапасыз отыннан жолда тұрып қалғаны жөнінде ақпарат келіп түскен. Автобуста отырған 38 адам Павлодарға жеткізілді. Сол кеште тағы да бір автобус жолда қалған. Ал Железенка ауданында 16 адам отырған автобустың техникалық құралдары істен шығып, жолда тоқтап қалған. Адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді ", - деп түсіндірді ТЖҚ.

Аяздың кесірінен жуырда қаладағы аудандардың бірінде су құбырлары желісінде апатты жағдай туындаған. Соның қорытындысында үш көп пәтерлі тұрғын үй сусыз қалды.

"Бүгінде оқиға орнында жөндеу жұмыстарын жүргізетін топ жұмыс істеуде. Жақын уақытта жарылған құбырлар қалпына келтіріледі", - деп сендірді тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Қатты аяздан бүгін облыстағы барлық мектептерде және лицейлер мен колледждердің төменгі курс оқушылар үшін сабақтарды өткізуге тыйым салынды. ТЖ департаментінің деректері бойынша, бүгін күндіз саған 12 -де Павлодарда ауа температурасы минус 28 градус аязды көрсетті. Ауа райын болжау орталығы мамандарының топшылауы бойынша, облыстық орталықта аязды күндер қаңтардың 25 дейін жалғасады.