Оған алғашқы кезеңде үздік шыққан 4 команда мен Ұлттық лигадағы 4 команда қатысады. Олар Алматы қаласының "Алматы", Теміртау қаласының "Металлург АМТ", Орал қаласының "Грация-KZ", Өскемен қаласының "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс", Астана қаласының "Астана", Қарағанды қаласының "Қарағанды", Павлодар облысының "Ертіс-Қазхром", Алматы облысының "Жетісу" волейболшылары. Ал жарыстың алғашқы күні жетісулықтар оралдықтармен, қарағандылықтар алматылықтармен, астаналықтар теміртаулықтармен, өскемендіктер павлодарлықтармен кездеседі.