Павлодарда жағдайлары нашар отбасыларын қолдау бағдарламасы бойынша түлектер жұмысқа кірісіп кетті

"200 адамнан тұратын бірінші топ оқуларын бітіріп, Павлодардың кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылады, қазір 800 адам жоғарғы білім алуда",- деп атап өтті әкімшіліктегілер.

Павлодарда жыл сайын 200 мектеп түлектері әкімнің білім алу гранты мен степендиясын алады. "Бізде бес жылдан бері әлеуметтік жағдайлары нашар отбасыларының балаларын қолдау жөніндегі арнайы бағдарлама жұмыс істеп келеді, мектеп бітіріп, білімін одан әрі университеттер мен институттарда жалғастырмақ ниеттері бар мұндай балаларға көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалады",- деді аймақ әкімшілігіндегілер.

"Жас ұрпақты қолдау схемасы атаулы көмек болып табылады, оқуларының ақшалары қолдарына берілмейді, ол нақты бір студенттің атына немесе жоғарғы оқу орнына аударылып отырады",- деп атап өтті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Галина Давдрикова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, гранттарды бөлуде басымдық аймақтағы сұранысқа ие кәсіптерді - мұғалім, дәрігер және инженер мамандықтарын таңдаған талапкерлерге танытылады. Сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін әкімшілік бұл балалардың облыс кәсіпорындарына жұмысқа орналасуларына көмектеседі, ал ауылдық жерлерге кеткен жағдайда көтерме ақы тағайындалып және тегін баспана беріледі.

Г. Давдрикованың хабарлауыша, «Павлодарда қалыптасқан тәжірибеге соңғы кезедері басқа облыстардың да әлеуметтік қызметтері қызығушылық танытуда».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті