Павлодарда жаңа жеке тұрғын үй құрылысының ықшамауданын коммуникациямен жабдықтау аяқталып қалды

"Мердігерлер бүгінгі күнде 5 шақырым су құбырын, 8 шақырым канализация желісін, 4 шақырым жылу желісін орнатқан, сонымен қатар байланыс желілерін шығаруға қатысты құрылыс жұмыстары аяқталған. Жаңа ықшам ауданға байланысты барлық жұмыс 2007 жылдың желтоқсанында аяқталады, сондықтан да құрылысты келесі жылдың көктемінде бастай беруге болады",- деп атап өтті жиналыста М. Зейноллин.

М. Зейноллиннің айтуынша, 2007 жылы жаңа ықшамауданды инженерлік коммуникациямен жабдықтауға 782 млн теңге бөлінген болатын, бюджеттік қаржының барлығы дерлік игерілген немесе үстіміздегі жылы игерілетін болады.

"Қазір арнайы ұйымдардың арасында кварталішілік коммуникациясын салуға тендерлер жүргізілетін болады, олар 2008 жылдың басында салына бастайды және барлығы мерзімінде атқарылатын болады",- деген сенімде Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің бастығы.

Оның айтуынша, бүгінгі күнде 500 жуық тұрғын жаңа ықшамауданнан жер учаскелерін алған. Сонымен қатар, жаңа ықшамауданның барлық келешек тұрғындары павлодарлық сәулетшілердің ұсынған коттеджедердің жобаларымен, құрылыс салу талаптарымен және оның мерзімімен танысқан. Коттедждер бірдей үлгіде болады деп жоспарлануда.

Павлодардың әкімі Б. Демеуов, "қала басшылары тапсырыс беруші ретінде жаңа құрылыс нысандарын қабылдау барасында, әсіресе құрылыс материалдарына деген ең жоғарғы талаптарды ұстанатын болады",- деп атап көрсетті.

Б. Демеуов, Павлодардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға байланысты барлық жұмыстардың тікелей өз бақылауында екендігін айта келе, шенеуніктерді бұрын бекітілген мерзімді ұстануға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті