Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, таяуда кешкісін болған төбелеске жиырма шақты адам қатысқан. Олардың ішінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар.
Төбелес салдарынан төрт жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Олардың бас сүйектері зақымданып, кеуделерінен жарақат алған.
Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Төбелес фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция істің мән-жайын тексеруде.