Павлодарда жас ақындар мен жазушылардың форумы болып өтті

Екі күн ішінде олар «дөңгелек үстел» басында республикадағы қазіргі әдебиеттің ахуалы жайлы пікір алмасып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Танымал сөз шеберлерінің шеберлік сыныптарында болып, қала алаңында өздерінің өз өлеңдерін оқыды.

Шығармашылық жастармен Қазақстанның Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, жазушылар Қойшығара Салғарин мен Әлібек Асқаров кездесті.