Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

Оған аймақтың қалалары мен аудандарынан 249 музыкант қатысты. Қазылар алқасы оқушылардың орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін, балалар арасындағы музыкалық білім беделінің артқанын атап өтті.

Павлодарлық «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің және Екібастұз музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері жыл сайын жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетіп келеді.

Аталмыш мамандандырылған мекемелердің оқушылары биылғы фестивальда да сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде жас пианистер - екібастұздық Никита Абеков, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың оқушысы Владислав Бгашев және павлодарлық № 1 музыкалық мектептің тәрбиеленушісі Ардақ Қапар бас жүлдені жеңіп алды.

Екібастұз, Павлодар қалаларының, Шарбақты және Баянауыл ауылдарының музыка мектептерінің үздік хор ұжымдары ерекше атап өтілді.