Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотта жауап беруде


Араларындағы өзін Жамағат Айдархан деп атаған 46 жастағы жергілікті күзет агенттігінің басшысы бұларға жетекшілік еткен. Қалғандары 20-25 жас аралығындағы жігіттер. Өздерінің жиындарын қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында ұйымдастырып, айналасындағыларды жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ, садақа жинап, ол ақшаны сотталған серіктестерінің отбасыларына көмек ретінде үлестіріп отырыпты. Оларды тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы аңдып, тамыз айында қолға түсірді.