Павлодарда жауынгерлерді майданға тасыған вагон табылды

Бір ғасыр бұрын құрастырылған вагон бұған дейін Тұз-Қала станциясында тұрған екен. Әбден ескірген жәдігерді теміржолшылар бірнеше ай жөндеп, қалпына келтіріпті. Ғасырдан астам тарихы бар тіркеме 60 адамға шақталған. Ішіне сабан төселген мұндай вагондар талай мыңдаған сарбазды майдан даласына жеткізгені тарихтан аян. Жаңартылған осы жәдігер мереке қарсаңында шаһардағы әскери даңқ мұражайында орнатылып, жұрт назарына ұсынылды.

Loading...