Полицейлердің ақпаратына сәйкес, "Азия-Груп" ЖШС әкімшілік ғимаратының күзет бөлмесінде 48 жастағы күзетшінің мәйіті табылған. Қызмет бөлмелерінен компьютер, телефон, факс, көшірме және бақылау кассалық аппараттары тоналған.
Тергеу барысында ЖШС -нің жұмысшылары мен қызмет көрсету құрамы түгел тексерілді. Нәтижесінде полицейлер осы компанияда жұмыс істейтін слесарьді ұстады, ол техникаларды тонау мақсатында күзетшіні өлтіргенін мойындады.
Ұрланған заттар күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркіленді. Іске күзетшіні ұрып өлтірген қан дақтары бар металл түтік тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті