Павлодарда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Куәгерлердің айтуынша, МАЗ автокөлігінің жүргізушісі жылжып бара жатқан пойызбен соқтығысты. Сөйтіп, соңғы вагон жүк көлігінің оң жағынан ұрып, оны аударып тастаған. Салдарынан машинаға тиелген бірнеше тонна асфальт жолға шашылып, көлік кептелісін туғызған. Соққыға шыдамаған вагон дөңгелектері де ұшып кетіпті. Құдай сақтап, адамдар зардап шеккен жоқ.

Loading...