Павлодарда жылдың басынан бері телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері облыстық жедел қызмет пультіне жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 3 жалған қоңырау келіп түскен. "Арнаулы қызметтің әрбір қызметкерінің жарылғыш зат орнатылды-ау деген жерге баруы 11 мың теңгені құрайды",- деп түсіндірді баспасөз қызметі. Полицейлер "әрбір жалған хабарға 40-тай маманның жөнелтілгендігін" атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодардағы соңғы жалған лаңкестік дерегі 12-ақпанда тіркелген. Белгісіз береу № 15 орта мектебінің ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғандығы туралы хабарлаған. Террорист осы мектептің 9-шы сынып оқушысы болып шықты. "15 жасар жасөспірім химия сабағын болдырмау үшін ұялы телефонынан "112" шұғыл қызмет нөмірін терген",- дейді экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі бөлім бастығы Жанат Сіләмов.

Жасөспірімге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша ("Терроризм актісі туралы жалған хабар беру") қылмыстық іс қозғалды. Енді жасөспірімнің бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Полицейлердің пікірінше, терроризм туралы жалған қоңырау шалу оқиғаларының өсуін тоқтату үшін мұғалімдер мен ата-аналардың да үлкен үлесі қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті