Павлодарда жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен атты адам іздестірілуде


Ауыл тұрғыны атқа мініп,  жылқыларды іздеуге шыққан. Бүгін таңғы төрттерде ол ұялы телефонмен адасып жүргені жайлы хабарлаған.

Оны іздеуге Ертіс ауданының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ӨБ-21 қызметкерлері мен АІІБ полицейлері, Ертіс ауданы әкімдігінің қызметінің мамандары тартылды.