Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 8 үй жылусыз қалып отыр

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-желтоқсанда Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 89 үй жылусыз қалды. Бұл түні Павлодарда ауаның температурасы 35 градус аязды көрсетті.

Қазіргі жағдаймен жылу трассасы үзілген жерде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 81 үй жылу желісіне қосылды. Қалған 8 үйде жылыту желісін қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Апат салдарын жоюға қалалық жылу желісінің апаттық бригадаларының 40 адамы мен 10 техникасы, коммуналдық қызметтердің 82 адамы шығарылды.