Полковник Әлім Тоққожиннің айтуынша, қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған бөлімшеде мұқият қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. "Оқиғаның мән-жайын анықтау жөніндегі комиссияны республикамыздың ішкі әскер командирінің орынбасары басқаруда",- деді әскери-тергеу бөлімінің бастығы.
Әлім Тоққожин сондай-ақ, сейсенбіде, әскер көз жұмғаннан кейін, қатардағы Башаровтың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілгендігін хабарлады. "Сараптама нәтижесі жақын уақытта белгілі болады",- деп атап өтті полковник.
Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қызметтің 19 жасар әскері Бек Башаров 30-тамызда ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Екі апта өткеннен кейін ішкі әскердің қатардағы жауынгері жансақтау бөлімшесінде көз жұмған болатын.
Әскери тергеушілерге белгілі болғандай, әскерді осы бөлімшенің ефрейторы соққыға жыққан. Қазіргі уақытта ол Павлодардың тергеу изоляторында отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті