Ақпарат көзінің хабарлауынша, 13-наурызда Павлодардың жедел жәрдем ауруханасында №6679 әскери бөлімшесінде мерзімді әскери борышын өтеуші кіші сержант қайтыс болды. "Әскерден көрінеу ешбір ауру белгілері байқалмаған. Ол кенеттен сырқаттанып, басы ауырып, құсқысы келе бастаған", деп хабарлайды ақпарат көзі. Оның айтуынша, әскер алдымен дәрігерлік санитарлық бөлімге келген, ол жерден әскерді жедел жәрдем ауруханасына жатқызған.
Әскери-тергеу бөліміндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, әскер бір тәуліктен кейін қайтыс болған. Қазіргі жағдаймен қапияда болған өлімнің себебі анықталған жоқ, алдын-ала жорамал бойынша өлімге энцефалит себеп болуы мүмкін. Ақпарат көзінің хабарлауынша, сержант биылғы көктемде босатылуға тиіс еді.
Сонымен бірге №5512 әскери бөлімшесінде бір әскер күретамырын қиып жіберіп өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған. "Әскерді дәретханада қансырап есінен айрылып жатқан жерінен тауып алған", дейді ақпарат көзі.
Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға бөлімшедегі әлімжеттік оқиғалары себеп. Ақпарат көзінің хабарлауынша, қатардағы жауынгер қазір облыстық психоневрологиялық диспансерде жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті