Павлодардағы бір тұрғын үйден жарылғыш құрылғы болуы ықтимал бір зат табылды

Павлодар полициясының кезекші бөліміне 22-қазанда Қамзин көшесіндегі 166-үйде жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Бұл ғимаратта пәтерлермен бірге дүкендер, кеңселер мен Қазақстандағы бір оппозициялық партияның филиалы орналасқан. Оқиға орнына келіп жеткен арнаулы қызмет өкілдері ғимараттың бірінші қабатындағы дәретхана ішінен белгісіз сұйықтық құйылған және Қытай сағаты, батареялары мен сымдары бар бөтелкені тапты.

Құрылғы сараптамаға жөнелтілді. Қазір тергеу жүргізілуде.