Павлодардағы «бомба» қойылды деген хабарламадан соң сауда үйінен 62 адам сыртқа шығарылды


62 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Сауда үйі директорының орынбасары Наталья Зеленинаның айтуынша, супермаркеттің ішінде «бомба» қойылды деген жалған ақпарат таратылған соң, төтенше жағдайлар және ішкі істер органдарының мамандары жұмылдырылған.
- Жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған ақпарат полиция немесе төтенше жағдайлар органдарына түскен көрінеді. Себебі, бізге осындай қоңырау түскен жоқ. Осы сәтте сауда үйінде болған тұрғындар мен қызметкерлер сыртқа шығарылды, - дейді Н. Зеленина. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.