Кеше кешке өрт аумағы 2,5 мың гектарға жеткен болатын.
"Қазір өрт Сейтен және Шалдай орман шаруашылықтарын толық шарпып отыр", дейді ақпарат көзі. Оның айтуынша, жалын қарағай орманын ғана емес, сонымен бірге Мақпал және Көкжелкен шатқалы маңындағы қылқан жапырақты орманды да жалмады. Тілсіз жауды тоқтату мүмкін болмай, ол шоғырландыру аймағынан шығып кетті. Тіпті қосымша көмек сұрауға тура келетін шығар",- дейді ақпарат көзі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өрт жексенбі күні "Ертіс орманы" табиғи резерватының Сейтен орман шаруашылығында, Павлодар облысы Шарбақты ауданында, Ресейдің Алтай аймағымен шекаралас өңірде шыққан. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, қарағайлы ормаға өрт облыстың Лебяжы ауданы Қазы ауылы жақтан даладан келген. Табиғи зілзала салдарынан Есілбай ауылында үш жай үй мен 15 қора-қопсы жанып кетті. Қарттар мен балалардан құралған 120 адам басқа жаққа көшірілді.
"Әсіресе шаралар үлкен зардап шекті. Бірнеше бас ірі қара мал мен қысқа дайындап қойған пішенді жалын жалмады",- деп хабарлайды Шарбақты аудандық әкімшілігі. Қазір резерватта арнаулы комиссия жұмыс істеуде. Ол Есілбай ауылы тұрғындарының өрт салдарынан шеккен шығынының көлемін есептейді.
"Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында төтенше жағдай жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті