Оның авторы Григорий Сергеев экспозицияны танымал павлодарлық музыкант, композитор, педагог және фотограф, жүрегінде павлодарлық жерге деген махаббатын өмір бойы сақтап өткен Артур Меттусты еске алу құрметіне арнады. «Орион» фотоклубын ұйымдастырушыларының бірі болған ол ондаған қалалықтарды фото өнеріне араластырған.
60 түрлі-түсті суретте - жылдың барлық мезгілдеріндегі өзен: таңның атулары мен күннің батулары, Ертіс маңындағы пейзаждар. Экспозицияға алғаш келгендер арасында Артур Меттустың достары мен оқушылары болды, олар шығармашылықпен айналысатын жастармен бұл тамаша адам туралы естеліктерімен бөлісті.
Григорий Сергеев - 1984 жылдан бастап павлодарлық «Орион» фотоклубының, Ресей фотосуретшілер Одағының мүшесі. Алматы, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Партдубица (Чехословакия) қалаларында өткен көрмелердің қатысушысы.