Павлодардағы көрмеде тұрған роботтармен сөйлесуге болады

Зияткерлік машиналар оларға жанасқанды сезінеді, би билеуді, ән айтуды біледі.

Элвис Преслиге ұқсас адам тәріздес робот рок-н-ролл королінің өзіндік қимылдарын көшіріп алған. Ал панда күтуші баланы бағып, ұйықтар алдында ертегі айта алады. Келушілердің назарын сүйкімді билейтін трансформер жаулап алуда. «Юра дәуірінің шағын саябағында» тарихқа дейінгі екі шөпқоректі кесірткені көруге болады.

Ұсынылған экспонаттардың әрқайсысы бірегей, дейді экскурсияны жүргізушілер. Павлодар роботтардың саяхаттайтын көрмесінің бағытындағы төртінші қала болды.