Өнер зиялыларымен болған кездесу сенім, достық қарым-қатынаста өтті. Атқарушы билік соңғы жылдары шығармашылық адамдары еңбек етіп жүрген шарттарға баса назар аудара бастаған.
«Жол картасы» бойынша Ж.Аймаутов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры жөндеуден өтіп, мереке қарсаңында аймақтағы мәдениет сарайлары мен демалыс орындары ретке келтірілді.
«Келесі жылы А.Чехов атындағы драма театрының жұмыс мекемелерін жөндеуден өткізу және Ю.Гагарин атындағы саябақты абаттандыруға қажетті қаражат бөлінетін болады», - деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ кеше Б.Сағынтаев этномәден бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының көшбасшыларын қабылдап, оларға гранттар табыс етті.