АП 162/1 мекемесі басшылығының хабарлауынша, жігіттің денесін 03 сағат 45 минутта дәретханада тауып алған. Оның қолында хат болған. Онда: "менің өліміме судьядан басқа ешкімді кінәламауды сұраймын. Өйткені, мен оған сот залында ұрлық істеген жоқпын деп айттым, бірақ ол сенбеді", -делінген дейді мекеме басшысы Қалыбек Мүслімов журналистерге.
Қ. Мүслімовтың хабарлауынша, жас жігіт ұялы телефон ұрлығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. "Бала жетімдер үйінде тәрбиеленген, сол себепті оның туыстары жоқ",- деді абақты басшысы. Сот үкімі екі аптадан кейін күшіне енуге тиіс болған.