Павлодардағы «Венециялық карнавал»

Экспозицияда елу кадр - Венециядағы карнавалға қатысушылар - көне үлгідегі киімдер мен экзотикалық бетперделер киген адамдар. Орта ғасырларда пайда болған бұл мереке көптеген елдердің туристерін қызықтырып, біздің уақытымызға дейін жетті.

«Венециядағы карнавалда көп рет болдым және павлодарлықтардың бұл тамаша мерекенің бояуларын, әдемілігі мен қуанышын көргенін қалаймын», - деді вернисажда Т.Алексенко.

Жеке көрменің авторы 32 жаста, Павлодарда өсіп, «аудармашы» мамандығы бойынша мемлекеттік университетті тәмамдаған. Алюминий зауытында жұмыс істеген, көптиражды газет беттерінде мақалалары мен фотосуреттері жарыққа шыққан.

Италияға жұмыс істеуге кеткен Татьяна көптеген көрмелерге қатысты, Италияның фотографтар федерациясының мүшесі болып табылады, «Ло стрилонне дель квадрилатеро» журналы редакциясының құрамында.