Ерхан Кокубаев, Павлодар облысы бойынша өндірістік қауіпсіздік департаменті жетекшісінің орынбасары:
- Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жұмысты ұйымдастырудың өз деңгейінде атқарылмағаны анықталды. Жабдықтардың құрылымдық тапшылығы, жұмыс беруші жақ яғни шеберлер, бөлім бастығы, жалпы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Тексеру жүргізген комиссия жүз пайыз кәсіпорын кінәлі деген қорытынды шығарып отыр.