Жерасты жолының сүреңсіз сұрқынакөзі үйреніп қалған тұрғындар бүгін таң-тамаша. Осы өткелмен күнделікті арлы-берлі қатынайтын қалалықтар Голливуд пен Ресей актерлерын осылайша қабырғадан көреміз деп ойламаса керек. Бастамашылар бұған бір аптадай уақыттарын жұмсапты. Олар қоғамдық мәселелерді қозғайтын «стрит-арт» бағытынан қашып, жеңіл әсер беретін көріністерді әдейі таңдаған. Тіпті, наразылық атаулыдан сақ болу үшін отандық жұлдыздардың суретін де салмадық деп отыр.
Әсел Елжанова, Павлодар қаласының тұрғыны:
- Осы суреттер өте таң қалдырды, өте әдемі, керемет, таң қалдыратын жайт, өйткені қазіргі таңда осындай суреттер аз деп ойлаймын және те осы суретті салған адамдарға көптеген рахмет! Маған өте ұнады.