Павлодардағы жетімдер үйінде тәрбиеленетін 26 бала патронаттық отбасыларға жіберілді

Балалар күзге дейін патронаттық отбасыларда болады.

Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлық орталығынан хабарлағанындай, бұл жоба былтырдан бастап жүзеге асырыла бастаған. Ал биыл алғашқы нәтижесі де көрінді. Мәселен, өткен жазда жоба аясында екі бала ғана бөтен отбасыларда өмір сүріп, қалғандарын балалардлы қамқорлыққа алу мүмкіндігі жоқ алыс туыстары паналатса, биыл ондайлар саны 9 балаға жетті.
Патронаттық тәрбиешілер бір бала үшін аптасына 12 доллар алады. Осымен екінші жыл қатарынан жобаға "Еуразия" халықаралық қайырымдылық қоры демеушілік жасаса, "Томирис" әйелдер клубы мен қалалық әлеуметтік-волонтерлық орталығы атқарушы болуда.
Сондай-ақ, Павлодар облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, биылғы жазда жетімдер мен әлеуметтік аз қорғалған отбасылардан шыққан 17 мың бала жаппай ағартушылық қорының қаржысына мектептердің жанындағы лагерьлерде демалады.