Павлодардың бұрынғы әкімі куәгерлерге қысым көреткен


Айтуларынша, Ерлан Арын темір торға қамалмай тұрғанда куәгерлердің «үнін өшіру үшін» қорқытып-үркіткен, тіпті күш қолданған. Осылайша, тағылған айыптаулардан жалтарып кетуге тырысқан көрінеді. Өңір тізгінін 2 жылға жуық ұстаған экс-әкім өткен аптада қамалған болатын. Арын «аса ірі көлемде пара алды» және «демеушілердің ақшасын ұрлады» деп айыпталуда.